ҚР Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлық шықты
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін ҚР Конституциясының 71-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құрамы тағайындалды.
Республика Президентінің Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Конституциялық Соттың Төрағасы болып тағайындалды.
Конституциялық Соттың судьялары ретінде:
Мемлекет басшысы – Қайрат Жақыпбаевты, Айжан Жатқанбаеваны, Бақыт Нұрмұхановты және Роман Подопригораны;
Парламент Сенаты: Айгүл Қыдырбаеваны, Асан Ескендіровті және Ерлан Сәрсембаевты;
Парламент Мәжілісі: Қанат Мусинді, Еркін Оңғарбаевты және Сергей Ударцевті тағайындады.
Конституциялық Соттың құрамы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.