Halyq Uni логотип
×

Премьер-министр кеңсесі Үкімет аппараты болып өзгерді

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

 Халық үні 02.01.2023 | 15:00
Премьер-министр кеңсесі Үкімет аппараты болып өзгерді
Фото: baq.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылсын.

Үкімет Аппараты:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;».

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама