Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кетті
Оқиға жаңа жыл мерекесі қарсаңында болған
Теміртау қаласында жеңіл көлік тратуарда өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кетті. Соның кесірінен бір адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болған.
«ВАЗ 2114» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен Бауыржан Момышұлы даңғылына қарай жүріп бара жатып, төрт адамды қағып кеткен. Соның кесіренен 54 жастағы адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағанды облысы полиция департаменті оқиғаны тіркеп, тиісті шешім қабылдайды.
Қалған үш адам медициналық көмектен бас тартқан.