Конституциялық Соттың толық құрамы тағайындалды

Халық үні

Мемлекет басшысы төрт, Сенат пен Мәжіліс әрқайсы үш судьяны тағайындады

Фото: Sputnik

Республика Конституциясының 71-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құрамы тағайындалды.

Республика Президентінің Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Конституциялық Соттың Төрағасы болып тағайындалды.

Конституциялық Соттың судьялары ретінде:

Мемлекет басшысы – Қайрат Жақыпбаевты, Айжан Жатқанбаеваны, Бақыт Нұрмұхановты және Роман Подопригораны;

Парламент Сенаты: Айгүл Қыдырбаеваны, Асан Ескендіровті және Ерлан Сәрсембаевты;

 Парламент Мәжілісі: Қанат Мусинді, Еркін Оңғарбаевты және Сергей Ударцевті тағайындады.

Конституциялық Соттың құрамы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.