×

Жаңаөзенде жұмысшылар наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Мұнайшылар жұмыспен қамтамасыз ету талабын қою үшін қала әкімдігіне барды

 Халық үні 01.01.2023 | 21:45
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Мунайспецснаб» компаниясының қызметкерлері наразылық акциясына шығып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды stan.kz. 

Бүгін таңертең Жаңаөзендегі «Мұнайспецснаб Компани» ЖШС-нің жүзге жуық қызметкері барлық мұнайшыларды жұмыспен қамтамасыз ету талабын қою үшін қала әкімдігіне барды.

Мұнайшылардың айтуынша, «ӨзенМұнайСервис» компаниясы олардың компаниясымен тендер жасасу шарттарын кешіктіруде.

Митингтің видеолары әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеолардың бірінде жұмысшылардың атынан бір адамның сөйлеп тұрғанын, оның артында көп жұмысшы тұрғанын көруге болады.

«2023 жылы 1 қаңтар.«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚазМұнайГаз басшы құрамына, Өзенмұнайгаз басшы құрамы Мақсат Ибағаровқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу: Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың тоқтауына байланысты бұрынғы тендер бойынша жұмысымызды қалпына келтіруді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.

Сондай-ақ, олар Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты мекемелерге «Мунайспецснаб» жұмысшыларының атынан жолдама беруін сұрайды.

Өз кезегінде «ӨзенМұнайСервис» айыптауларды негізсіз деп атады және олар жыл сайын арнайы техника қызметтерін көрсетуге тендер өткізетінін мәлімдеді. Қараша айының басында олар «Мунайспецснаб» ЖШС және «Бек-А» ЖШС араласуымен агрегаттар және АЦН арнайы техникасының қызметтерін көрсетуге тендер жариялады. Соңғысы жеңімпаз деп танылды, бірақ нәтижелерді тексеру барысында қателер анықталды, оларды түзетуге ұйымдар уақыт бөлген еді. 

«Өзенмұнайсервистің» мәліметінше, тендердің жеңімпазы 5 қаңтардан кейін анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама