Halyq Uni логотип
×

Қайрат Сатыбалдының қай жерде ұсталғаны айтылды

Ол ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған

 Айнұр Шошаева 14.03.2022 | 15:03
Қайрат Сатыбалдының қай жерде ұсталғаны айтылды
коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап беріп, кеше ұсталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты пікір білдірді.

«Қылмыстық іс «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Кеше осы бойынша тиісті ақпарат таратылды. Қазір қаражат сомасы анықталып жатыр, ол бойынша бірнеше эпизод қамтылған. Осы орайда сараптама жүргізілгеннен кейін, біз бұл соманы жария етеміз. Дегенмен осы іске қатысты миллиардтаған қаражат бар деп айта аламын», - деді Антикор басшысы.

Агенттік басшысы Қайрат Сатыбалдының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын айтты.

Ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары барысында қараймыз, бұлтартпау шарасын сот айқындайды, - деді агенттік басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама