×

Биыл 15,3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады

Өңірлерде 1 500 апатты және тозығы жеткен үйді бұзу бойынша жергілікті жөндеу бағдарламалары қабылданады

 Динара Амантай 01.01.2023 | 15:02
Фото: Halyq Uni

Биылдан бастап тұрғын үй құрылысы мен жолдарды жөндеу бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру көзделген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ өңірлерде 1 500 апатты және тозығы жеткен үйді бұзу бойынша жергілікті жөндеу бағдарламалары қабылданады.

Бұдан басқа, халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамтуды 97%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда сарқынды суларды тазарту деңгейі 80%-ға дейін, ал жылу мен суды есепке алудың үйге ортақ құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі 83%-ға дейін ұлғайтылуға тиіс.

Сонымен бірге, құрылыс кодексі әзірленетін болды. Ол саланың көптеген жүйелік мәселелерін шешуге және оның ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұ,ан қоса 2023 жылы 11,8 мың км автожолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді, оның ішінде 4 мың км – құрылыс және реконструкциялау, 3,2 мың км – күрделі және орташа жөндеу, 4,5 мың км – жергілікті жолдарды жөндеу көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама