Сонымен қатар, шамамен 1 200 құтқару техникасы жедел ден қоюға кірісе алады
Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
ТЖМ бөлімшелері жаңажылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазір ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимдегі дайындықта тұр. Оның ішінде 3 мыңнан астамы жедел ден қоюға әзір. Олар – өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері.
Сонымен қатар, шамамен 1 200 құтқару техникасы жедел ден қоюға кірісе алады.
ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - деді ведомство өкілдері.