Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынып отыр
Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жек туралы UFC-ге үн қатты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалған еді. Олар 14 қаңтарда Лас-Вегаста UFC Fight Night 217 турнирінде кездесуі керек болған-ды.
Бір күн бұрын қазақстандықтың бірінші қарсыласы пайда болды. Аз уақытта АҚШ-тың тағы бір файтері Рахмоновқа қарсы шығуға шешім қабылдады. Бұл ретте Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынды.
Бұл ұсыныстың Шавкат Рахмоновқа ұнайтыны және оның Лас-Вегастағы турнирді жіберіп алғысы келмейтіні анық.
UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек? - деп жазды Рахмонов Instagram-дағы парақшасына.