Мемлекеттік құпияны білгендіктен оған Ресейден кетуге тыйым салынған
36 жастағы Михаил Жилин Новосибирскте Федералды күзет қызметі Ақпарат пен арнайы байланыс орталығында 18 жыл жұмыс істеген. Бірақ мобилизация басталған соң Қазақстанға кетіп қалған. Астанада ұсталған ол кейін Ресейге депортацияланды.
Жилиннің зайыбы мен балалары шекарадан бекет арқылы өткен. Ал өзі орман арқылы шекараны кесіп өтпек болғанда полицияның қолына түскен. Негізінен мемлекеттік құпияны білгендіктен, оған Ресейден кетуге тыйым салынған.
12 желтоқсанда Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Михаил Жилинді 40 тәулікке қамаған болатын. Ал Ресейдің Ішкі істер министрлігінің сайтында оған қылмыстық бап бойынша іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды.
Оның зайыбы күйеуінің Ресейге Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро арқылы қайтарылғанын білген.
«Адвокаттар арқылы іздеуге тырысып жатырмын. Олар әзірге іздеу жүріп жатқанын айтты», – дейді әйел.