×

Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты

Футболшы жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады

 Дастан Жұмабекұлы 31.12.2022 | 09:02
фото: ашық дереккөз

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты.

Қолда бар мәліметке қарағанда, келісім екі жылға жасалған. Соған сәйкес, енді Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады. Келісімшарт жасалған соң, футболшының өзі араб клубына қатысты жақсы пікір білдірді.

«Әл-Наср» клубында ойнайтыныма қуаныштымын.  Жаңа жетістіктерге жету үшін командалас достарымның қатарына қосылуға асықпын, –  деді ол.

Еске сала кетсек, «Әл-Наср» – Сауд Арабиясының 8 мәрте чемпионы (соңғы титулды 2019 жылы иеленді) атанған клуб.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама