×

Президент банкроттық туралы заңға қол қойды

Қазақстандықтар банкроттықты рәсімдесе, 5 жыл кредит алу құқығынан айырылады

 Дәурен Ерболат 30.12.2022 | 17:55
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады.

Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:

  • Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Айта кетейік, кеше Сенат депутаттары банкроттық туралы заңды қабылдаған еді.

Cондай-ақ 1,1 млн қазақстандық кредитінен құтылуы мүмкін екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама