Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
Синоптиктер 2022 жылғы 31 желтоқсан – 2023 жылғы 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның ауа-райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады. Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, - деп жазылған хабарламада.
1 қаңтарда Қазақстанның оңтүстік-шығысына қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ауа температурасы түнде батыста минус 1-6 градустан минус 2 градусқа дейін жоғарылайды. Солтүстікте, орталықта және шығыста минус 5-20 градустан минус 10-25 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста минус 0-10 градустан минус 3-15 градусқа дейін күн суытады.