×

Президент Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды

Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген

 Динара Амантай 30.12.2022 | 14:44
Фото: bort_01

Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Мұнда ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған. Мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.

Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Президентке балалар бөлімшелерінде 351 баланың ем алып жатқаны баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген. Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама