×

Аймағамбетов «Астана білімі» қалалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Оқу-ағарту министрі мен Астана қаласының әкімі білім саласының мәселелерін талқылады

 Динара Амантай 30.12.2022 | 11:23
Фото: t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек білім саласының маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Басты назар саладағы білім беру нысандарын салу, мектептерге қолдау көрсету, білім сапасын жақсарту, ерекше балаларға арналған мектептер проблемаларына аударылды.

Асхат Аймағамбетов демографиялық өсімге байланысты оқушы орнының, сондай-ақ балабақшалардағы орын тапшылығының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Бұл – біз үшін ең маңызды басымдық. Мемлекет басшысы тапсырғандай, құрылысы басталған мектептерді аяқтап, келесі жылы жаңа нысандардың құрылысын бастау, үш ауысымда оқитын, оқушы орны толы мектептер мәселесін шешу қажет. Елорда мектептеріндегі білім сапасын арттыру да өзекті мәселелердің бірі. Проблемаларды шешудің барлық жолы қарастырылатын «Астана білімі» арнайы қалалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз, – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, НЗМ, «Білім-Инновация» қоры, жоғары оқу орындары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды нақты елордалық мектептерге бекітуге болады. Сондай-ақ министрлік мектеп автобустары, мектеп директорлары мен педагогтері бойынша арнайы жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама