×

«Жауапкершілік алудан қашатын». Экс-министр журналистерге әрдайым ашық болғанын айтты

Қанат Мусин БАҚ өкілдеріне жауап беруден ешқашан қашпағанын айтты

 Дәурен Ерболат 30.12.2022 | 11:09
Қанат Мусин, фото: turan.edu.kz

Министрлікті басқарғанда журналистердің барлық сұрағына жауап беріп, ашық болдым. Бұл туралы бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Әділет министрі ретінде барлық жоспарымды жүзеге асырдым. Кейбір жұмыстарды енді бастаған шығармын. Алайда президент берген тапсырмаларды, әділет органдарының қызметін жандандыру және оны азаматтар үшін ыңғайлы ету үшін бар күшімді салдым», - деді Қанат Мусин Мәжілістің отырысынан соң.

Журналистер экс-министрге «Сіз халықтың жадында мойнына жауапкершілікті алудан қорыққан министр ретінде қалдыңыз ба? Қалай ойлайсыз?» деп сұрақ қойды.

Біріншіден, мен бұл пікірмен келіспеймін, яғни "жауапкершілік алудан қашты" дегенді айтамын. Мені бәріңіз білесіздер. Сұрақтардың бәріне әрқашан жауап бердім. Кейбір қате айтуым мүмкін ақпараттарға тоқталайын. Министрлер де адам. Қате болуы әбден мүмкін. Мен саяси болжамдар жасамауға тырыстым. Біріншіден, бұл әділет министрінің құзыреті емес, екіншіден, бұл күрделі іс қой, - деді бұрынғы ведомство басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы қызметіне тағайындалды.

Қанат Мусин 2022 жылдың 11 қаңтарында Әділет министрі болып тағайындалды.

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.

2016-2021 жылдары Мәжіліс депутаты болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама