Halyq Uni логотип
×

Тоқаев 2023 жылдың басында Үкіметте кадрлық өзгерістер болатынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың басында Үкіметте бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді

 Халық үні 29.12.2022 | 20:49
Тоқаев 2023 жылдың басында Үкіметте кадрлық өзгерістер болатынын мәлімдеді
Фото: Ақорда

Сенаттың 2022 жылғы соңғы отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың басында Үкіметте бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мен жақында өткен Үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті, -деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама