Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 2 млн теңге алу кезінде ұсталған полицей 20 млн теңге беріп қамаудан шықты

Кепіл мөлшері 20 млн теңге деп белгіленген

 Халық үні 29.12.2022 | 19:33
Шымкентте 2 млн теңге алу кезінде ұсталған полицей 20 млн теңге беріп қамаудан шықты
Фото: 24.kz

Күдіктіден 2 млн теңге алу кезінде ұсталған Шымкент қалалық полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы бөлім басшысы Мейірбековті қалалық тергеу соты 20 млн теңге кепілмен қамаудан босатты. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне қалалық сот хабарлады.

Тергеу жағы Мейірбековтің бас шарасын «күзетпен ұстау» түрінде сұраған. Бірақ сот оны кепілмен босатқан. Кепіл мөлшері 20 млн теңге деп белгіленген.

27 желтоқсанда қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерін алаяқтық қылмысына қатысы бар әйелден сот үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесемін деп 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен (190-бап) қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама