×

Ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алды

Ол болашағы бар шаңғышы, - деді жаттықтырушы 

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2022 | 17:21
фото: ашық дереккөз

Ресейлік жас шаңғышы Александра Скороходова 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Ол елішілік жарыстарға, Қазақстан кубогы мен ел чемпионатына және 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарына қатысады.

Баспасөз мәлихатында Тау шаңғысынан жаттықтырушы, Алматыдағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы Марк Шпарберг Александра Скороходова ұлттық құрамаға қалай қабылданғанын айтып берді.

«Александра Скороходова жақсы нәтиже көрсеткен соң өзімізге қабылдадық. Қазіргі уақытта ол 16-17 жастар арасында мықтылардың бірі. Біз де спортшыларымыздың деңгейін көтеру үшін қабылдадық. Өйткені, спортта мықты болу үшін өзіңнен мықтылармен бірге жаттығу керек. Ол өз карьерасын бізбен жалғастыруды шешті. Неге екенін айтсам, оны өздеріңіз жақсы білетін шығарсыздар. Бүгінгі әлемде қандай жағдай болып жатқанын білесіздер. Қазір ол бізбен бірге жаттығып, Қазақстан құрамасының сапында ойнайды», –  деді Марк Шпарберг.

Оның айтуынша, Скороходова –  болашағы бар спортшы.

«Оның болашағы бар. Ол – Ресейдің абсолютті чемпионы. Бізде де тамаша нәтиже көрсетті. Жоғары деңгейдегі жарыстарда Александра екінші мүмкіндігінде Еуропа кубогы деңгейіндегі спортшыларға ғана есе жіберіп қойды. Нәтижесінде, 100 адамның ішінде 13-ші болды», – деді ол.

Александра Скороходова биыл Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама