×

Қордайлық малшы сыбайласымен бір қожалықтың 137 сиырын ұрлаған

Оларды сатып, оңай жолмен ақша табуды әдетке айналдырған

 Еркеғали Болатұлы 29.12.2022 | 13:36
фото: nationalgeographic.kz

Жамбыл облысында 1 жылға жетер-жетпес уақытта 137 бас сиырды ұрлаған күдіктілер ұсталды.

Қылмысты асыл тұқымды іріқара өсіретін шаруашылықтағы малшы мен көрші шаруа қожалығының басқарушысы бірлесіп жасаған. Яғни күдіктінің бірі ұрлықты алдын ала жоспарлап, 2 табын сиырды әдейі қосып баққан. Ал кешке малды бөлерде бірнеше сиырды сыбайласының табынына қосып жіберіп отырған. Кейін оларды сатып, оңай жолмен ақша табуды әдетке айналдырған.

Осылайша, күдіктілер қожалық иесіне 110 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қордай аудандық полиция бөлімі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу басталды. Мал ұрлағандар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама