×

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Конкурсқа барлығы 2029 адам қатысқан

 Динара Амантай 29.12.2022 | 13:50
Фото: pixabay.com

Елімізде 1 774 адам магистратура бойынша білім беру гранттарының иегері атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан студенттер альянсының өкілдері кірді.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысқан. Отырыс қорытындысы бойынша 1 774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанса, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант бар.

Сондай-ақ оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылатыны белгілі болды. Ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Білім гранты иегерлерінің толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама