АҚШ Қытайдан келетіндер үшін COVID-19 тестін талап етеді

Дастан Жұмабекұлы

Бұл шара 2 жастан асқан барлық келушіге қолданылады

фото: ашық дереккөз

АҚШ билігінің шешімімен келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап Қытайдан келетін жолаушылар коронавирусқа тест тапсыратын болады.

Politico басылымының хабарлауынша, бұл шара 2 жастан асқан барлық келушіге қолданылады. Ұшу алдында олар кетуге екі күн қалғанда тапсырылған теріс сынақ нәтижесін ұсынуы керек.

Бұл талап Қытай билігінің елдегі аурушаңдықтың көбеюіне қарамастан саяхатқа тыйым салуды алып тастауына жауап ретінде енгізілген, –  делінген материалда.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Қытайдағы кейбір ауруханалар мен жерлеу үйлері адамға толып кетті. Өйткені вирус 1,4 млрд халқы бар елде бақылаусыз тарап жатыр. 

Бұған дейін Жапония Қытайдан келген туристерден COVID-19 үшін теріс тест талап ететінін мәлімдеді. Малайзия індет жұқтырғандарды қадағалау және бақылау үшін қосымша шаралар енгізді.