Білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%-ын құрады
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған 2023-2030 жылдарға арналған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде сарапшылар таяу жылдары неғұрлым талап етілетін қызметтердің ТОП-25 тобын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мамандардың айтуынша, ең қажеттілер орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері болған.
ЕРДО талдаушылары Ұлттық қызметтер жіктеуішінің ең толық деңгейінде ТОП кәсіптерді анықтады. Олар:
Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады, – деді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.
Ең аз қажеттілік «Әкімшілік саласындағы басқа қызметкерлер», «Жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы фермерлері», «Қолөнершілер, дәл құралдар, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар», «Өнімді жинаушылар мен сынаушылар» және «Аңшылар мен орман және балық өнімдері өндірісінің жұмысшылары» топтарында күтіледі. Болжам бойынша, жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.