Конституциялық соттың судьялары тағайындалды
Конституциялық соттың төрағасы болып Эльвира Азимова тағайындалған еді
Сенат депутаттары Конституциялық соттың 3 судьясын тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың 3 судьясын қызметке тағайындайды.
Жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кандидатураларды ұсынды.
Дауыс беру нәтижесінде Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева судья қызметіне тағайындалды.
Еске салайық, Мемлекет басшысының жарлығымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды.