Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған
Үкімет қаулысымен Нұрлан Құрмалаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президент жастар кадры резервінің мүшесі.
2010 жылдан бастап әртүрлі компанияларда басшылық қызмет атқарған.
2015-2017 жылдары – «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
2018-2019 жылдары – «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.
2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.