Тығылатын сенімді жер табыңыз
Алматы қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындарын үрейленбеуге, тыныштық сақтауға және бірнеше ережені сақтауға үндеді.
Жер сілкенгенде істеуіңіз және істемеуіңіз керек әрекеттер:
дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
жиһаздан, терезеден, люстралардан алыс тұрыңыз;
тығылатын сенімді жер табыңыз;
жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберістегі есіктің ойығынан немесе қабырғалардың бұрышынан орын табыңыз;
бірінші, екінші қабатта болсаңыз, тезірек ғимараттан шығып кетіңіз;
бөлмеден, көп қабатты үйлерден дүмпу тоқтағаннан кейін ғана шығыңыз;
суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
дабыл кезіндегі сөмкеңізді алыңыз (алдын ала дайындалған);
электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
дүмпу қайталануы мүмкін, дайын болыңыз;
қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға көмектесіңіз.