Halyq Uni логотип
×

Серб армиясы жоғары дайындыққа көшірілді

Бұған этникалық сербтерге шабуыл жасайды деген хабар себеп

 Халық үні 29.12.2022 | 06:46
Серб армиясы жоғары дайындыққа көшірілді
Фото: RSpectr

Косово Сербиямен арадағы ең ірі өткізу пунктін жапты. Ал, кеше сербия әскері «аса жоғары дайындық» жағдайына көшіп, Косово шекарасына жауынгерлерін аттандырған, деп хабарлайды Qazaqstan.tv. 

Белград пен Приштина арасындағы шиеленістің күшейуіне албандар Косовоның солтүстігінде тұратын этникалық сербтерге шабуыл жасайды деген хабар себеп.

Еуропа одағы да, НАТО да тараптарды ұстамдылыққа шақырып, арандатуға бой алдырмауға үндеді.

Негізінен албандар мекендейтін Косово 1998-1999 жылдардағы соғыстан кейін Сербиядан бөлініп кетті. Алайда, серб үкіметі мен жергілікті сербтер Косовоның тәуелсіздігін мойындамай келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама