×

«Ұлтшылдық көріністері бар». СІМ ресейлік елшінің даулы мәлімдемесіне нүкте қойды

Қазақстан мен Ресей арасында сенімді, сындарлы диалог орнаған

 Дәурен Ерболат 28.12.2022 | 17:37
Фото: Halyq Uni

РФ-ның Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездестік. Мәселеге нүкте қойылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астанадағы СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында журналист ресми өкілге Ресей елшісіне қатысты сұрақ қойды.

«Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Қазақстанда ұлтшылдықтың көріністері бар. Керек болса, Ресей көмектесе алады» деді. Сыртқы істер министрлігінің елшінің пікіріне қатысты ұстанымы қандай?» - деді ол.

Айбек Смадияров өздерінің елшімен кездескендерін атап өтті.

Осы мәселеге қатысты Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сөзіне түсінік берді. Сіздер оны білесіздер. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық телеарналарға осы мәселе бойынша да түсінік берген. Бүгінде мәселе жабық деп санаймыз, түсініктемелер қабылданды, - деді ресми өкіл.

БАҚ өкілі «Ресей елшісі қандай дереккөздерге жүгініпті? Қазақстанда ұлтшылдар бар ма?» – деп сұрағын нақтылады.

«Мұны Ресейдің Қазақстандағы елшісіне хабарласып, елшінің өзінен сұраңыз», - деп Смадияров жауабын қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама