Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі тоқтатылды

Ербол Тұрымбет

Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі тоқтатылды

Зүлфия Сүлейменова, фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізді.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Одан бөлек, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Ол денсаулығана байланысты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді.

Өкілеттігі тоқтатылған депутаттардың мандатын Магеррам Магеррамов мен Гауһар Нұғманова иеленді. Магеррам Магеррамов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына, Гауһар Нұғманова әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.