Қалашық Аргентина туы іспеттес – көк және ақ түстермен безендірілді
Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұрған бөлме музейге айналады. Бұл туралы Катар университеті хабарлады.
Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы іспеттес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбаcы бар футболкалар қойылды.
Еске сала кетсек, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі уақытта 2:2, қосымша уақытта 3:3, - ред.) пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.