×

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы TikTok-ты пайдалануға тыйым салды

Әлеуметтік желі пайдаланушылар үшін қауіп төндіреді

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2022 | 14:40
фото: ашық дереккөз

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы заң шығарушы орган мүшелері мен қызметкерлеріне жұмыс құрылғыларында қытайлық TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салды.

«Америка дауысы» басылымының хабарлауынша, тиісті ақпаратты өкілдер палатасының әкімшілік істер жөніндегі комитеті жіберген. 

Киберқауіпсіздік TikTok мобильді қосымшасы бірқатар қауіпсіздік қатерлеріне байланысты пайдаланушылар үшін қауіп төндіреді деген қорытындыға келді, – делінген хабарламада.

Хаттамаға сәйкес, TikTok қолданбасын құрылғыларына орнатқан пайдаланушылар оны өшіріп тастауы керек.

Бұған дейін АҚШ Сенаты мемлекеттік қызметкерлерге федералды үкіметтің электронды құрылғыларында TikTok қолданбасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын бірауыздан мақұлдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама