×

Шымкентте сәбиін көшеге тастап кеткен 27 жастағы ана табылды

Денсаулық сақтау басқармасындағылар сәбидің үш күн бұрын дүнеге келгенін айтты

скриншот: видео

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 наурызда көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан табылған нәрестенің анасы табылғанын хабарлады.

«Жаңа туған нәресте бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігімен (Қауiптi жағдайда қалдыру) қылмыстық іс тіркелді. Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1995 жылы туылған азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – деп жазылған хабарламада.

10 наурызда Шымкент қаласының тұрғындары толассыз жауған жаңбыр астында қалған тастанды сәбиді кешкі тоғыздар шамасында байқаған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, ауыр жағдайда жатқан бөбекті жансақтау бөліміне жатқызған. Қазір сәбидің беті бері қараған. Дәрігерлердің болжамынша, көшеден табылған ұл бала осыдан үш күн бұрын туған болуы мүмкін.

«Тұрғындар балалар алаңшасында жылап жатқан баланы көрген. Баланы көтеріп, call-орталыққа хабарлаған. Ол жерде біздің мамандар баланы қарағанда оның қатты жаурап қалғанын байқап, жансақтау бөліміне жатқызды», - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама