Жеңіл атлетика қауымдастығы ресейлік спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады
Ресей үшін бейтарап мәртебесі сақталады
Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) ресейлік спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады. Қауымдастық ресейліктердің халықаралық жарыстарға қатысу үшін бейтарап мәртебесін ұзартатынын айтты.
Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі қараша айының соңында ұйымдағы Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының (ARAF, – ред.) мүшелігін тоқтату мерзімін ұзартты. Алайда ресейлік тараптың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобы ARAF мәртебесін 2023 жылдың наурыз айында қалпына келтіруді ұсынған.
Ресей жеңіл атлетика федерациясының 2023 жылға бейтарап мәртебесін беру туралы өтінішіне Жеңіл атлетика қауымдастығы «бейтарап мәртебе алу процесі Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі басқа шешім қабылдағанға дейін жалғасады» деп жауап берді. 2022 жылға бейтарап мәртебесі бар спортшылар жарысты жалғастыра алады, – делінген хабарламада.
Кеңейтілген тізімдегі 50 спортшының әрбір халықаралық стартқа жазбаша түрде ARAF рұқсатын алуы керек екені атап өтілген.
2015 жылғы қарашада Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясы допинг дауына байланысты Дүниежүзілік жеңіл атлетика (ол кезде IAAF, – ред.) мүшелігінен уақытша шеттетілген болатын.