×

Маңғыстау облысында жаппай құс тұмауына қарсы екпе салынып жатыр

Егілген құстың етін 21 күнге дейін пайдалануға болмайды

 Еркеғали Болатұлы 28.12.2022 | 10:25
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында үй құстарына екпе салына бастады. Себебі өңірде құс тұмауы өршіп тұр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қаракөл көлінде аққулардың қырылғанын жазған болатынбыз. Олардың да сол тұмаудың құрбаны болғаны зертхана талдауы нәтижесінде анықталған. Енді экологтар жабайы құстар жаппай қырылып қалуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Үй құстарын сол үшін вакциналауға тура келген.

Қазір барлық ветеринария станциялары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Оларға республикалық қордан 18 644 доза вакцина бөлінген-ді. Бір қызығы, мамандар мұнайлы өңірде мұндай ауру бұрын-соңды тіркелмеген деп отыр.

Құс тұмауы 2020 жылы басқа өңірлерде тіркелгенмен, біздің Маңғыстау облысында болмаған. Бұл бірінші рет. Сондықтан вакцинаны жедел жылдамдықпен, сақтықпен егіп жатырмыз. Әйтпесе ол адамдарға жұғады. Тұрғындарға сақтану керектігін де ескертіп жатырмыз. Егілген құстың етін 21 күнге дейін пайдалануға болмайды, - дейді Мұнайлы ауданы ветеринария станциясы директорының орынбасары Әбжет Бекмурзин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама