8 жасар қыздың дене қызуы дәрі-дәрмекпен түсірген
Қарағандыда 2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды.
Патриот Қарағанды басылымының хабарлауынша, қыздың қызуы көтерілген. 17 желтоқсанда ата-анасы оны ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартты. 8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған.
Қазір кенеттен болған өлімнің жай-жапсары мен себептері анықталып жатыр. Мектепте белсенді дезинфекция жүргізіліп, микробтарды жою үшін сыныптар жуылып, барлық оқушыларды кезекші медбике тексеріп жатыр.