Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда дене қызуы көтерілген 2-сынып оқушысы таңертең оянбай қалды

8 жасар қыздың дене қызуы дәрі-дәрмекпен түсірген

 Халық үні 28.12.2022 | 07:55
Қарағандыда дене қызуы көтерілген 2-сынып оқушысы таңертең оянбай қалды
Фото: pexels.com

Қарағандыда 2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды.

Патриот Қарағанды ​​басылымының хабарлауынша, қыздың қызуы көтерілген. 17 желтоқсанда ата-анасы оны ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартты. 8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған.

Қазір кенеттен болған өлімнің жай-жапсары мен себептері анықталып жатыр. Мектепте белсенді дезинфекция жүргізіліп, микробтарды жою үшін сыныптар жуылып, барлық оқушыларды кезекші медбике тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама