Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр
Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті. Бұл туралы Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«27 желтоқсанда Жаңаарқа кентіндегі тұрғын үйдің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақта өрт болды», - делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берілген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адам үйіне жіберілген.
Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.