Halyq Uni логотип
×

Назарбаевтың немере інісі ұсталды - Антикор

Қайрат Сатыбалдының басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріледі

 Халық үні 13.03.2022 | 20:03
Назарбаевтың немере інісі ұсталды - Антикор
Қайрат Сатыбалды, фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Қайрат Сатыбалды - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама