Halyq Uni логотип
×

Шымкентте полиция бөлімінің басшысы 2 миллион теңге алу кезінде ұсталды

Полицей уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Халық үні 27.12.2022 | 23:55
Шымкентте полиция бөлімінің басшысы 2 миллион теңге алу кезінде ұсталды
Фото: 24.kz

Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының бөлім басшысы күдіктіден 2 миллион теңге алу кезінде ұсталды. Полиция бұл ақпаратты растады. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерін алаяқтық қылмысына қатысы бар әйелден сот үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесемін деп 2 миллион теңге алып жатқан жерінен ұстаған. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК «Алаяқтық» бабымен (190-бап) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған. 

«Құқық бұзушылық жасаған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында. 

Оқиға 25 желтоқсан күні болған. 

Қалалық соттың Orda.kz тілшісіне хабарлауынша, қалалық тергеу сотына полиция қызметкеріне қатысты іс түспеген. Оған қатысты сот қаулысы шықпаған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама