«Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды»: Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Халық үні

Бұл шара жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл шара жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

«Бұл құқықты 500 мыңнан астам ата-ана пайдаланады. Оны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 183 млрд теңге қарастырылып отыр. Төлем мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға ғана қолданыстағы заңнама күшіне енген сәттен бастап жүзеге асырылады. Қосымша өтініштер жазу немесе рәсімдеу талап етілмейді, бұл жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады. Төлем алушыларға ұялы телефонға СМС хабарлама жіберіледі», - деді спикер.