×

Көкшетауда әйел алаяққа 4,5 млн теңгесін санап берген

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 27.12.2022 | 17:52
Фото: vlast.kz

Көкшетауда әйел 32 жастағы күдіктіге 4,5 млн теңгесін беріп, сан соғып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

14 желтоқсанда қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған. Айтуынша, ол биыл маусымда көлік апатына байланысты тәуелсіз сараптама жүргізу үшін ер адамға 4,5 млн теңге берген. Алайда тиісті жұмыс жүргізілмеген.

Тәртіп сақшылары іздеу шаралары нәтижесінде алаяқтың 32 жастағы көкшетаулық екенін анықтады.

Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге келу туралы мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама