Бахмут, Кременная және Донбастағы өзге аудандар қазір үлкен күшті және ұйымшылдықты қажет етеді
РФ Cыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға жер беру, қару тастау, «нацизмнен» бас тарту туралы ультиматум қойды. Бұл талаптар орындалмаса, аталған мәселелерді Ресей әскері шешетінін ескертті.
Алайда Киев Кремльдің бұл мәлімдемелерін негізсіз деп атап, елден Ресей әскері шығарылғанша, күресті тоқтатпауға бекініп отыр.
Қазір Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы бірнеше рет қиратылып, миллиондаған адам жарықсыз қалған. Сондай-ақ президент Владимир Зеленский Донецк облысындағы жағдайдың ауыр екенін мәлімдеді.
Бахмут, Кременная және Донбастағы өзге аудандар қазір үлкен күшті және ұйымшылдықты қажет етеді. Ондағы жағдай өте қиын және ауыр.
Басқыншылар қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін барлық ресурсын пайдаланып жатыр. Дегенмен біздің жауынгерлеріміз бекіністерін мықты ұстап, ештеңе жоғалтпауға күш салып отыр», - деді ол.