Жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады
2023 жылдан бастап жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр, – деді министр.
Ол бұл мақсатты орындау үшін ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын айтты.