Нигерияда «Боко Харам» тобының 103 террорисі өлтірілді
22 лаңкес қолға түсіп, 80 адам отбасымен бірге өз еркімен берілді
Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» және ISWAP террористік ұйымдарына қарсы операцияда 103 террорист өлтірілді.
Нигерия Қорғаныс министрлігінің өкілі Муса Данмадами армияның соңғы 3 аптада Борно штатының аймақтарында «Боко Харам» және ISWAP лаңкестік ұйымдарына қарсы әуе және жердегі әскери операциядан 103 террористің өлтірілгенін хабарлады.
Оның айтуынша, 22 лаңкес қолға түскен, 80 террорист отбасымен бірге өз еркімен берілген. Әскери операциялар барысында террористер кепілге алған 30 адам құтқарылған.