Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Кәрім Көкірекбаев – 2019 жылдың тамызынан бастап «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 Халық үні 27.12.2022 | 11:42
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Кәрім Көкірекбаев, фото: president.kg

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

Кәрім Көкірекбаев әр жылдары Мойынқұм ауданының (Жамбыл облысы) әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақТур» ЖШС бас директоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті болды.

2013 - 2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі болды.

2019 жылдың тамызынан бастап «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама