Әлихан Смайылов Үкіметтің алдағы жоспары туралы айтты
Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтап, министрлерді босаңсымауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына 2023 жылы және одан кейінгі 7 жыл бойы тиімді іске асырылуға тиіс бірқатар міндет қойды. Үкімет Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік реформаларын іске асыру үшін қажет барлық шараны қабылдайды. Келесі жылы да оңай болмайды. Бірақ біз алға қойған мақсаттарға жетуіміз керек. Ол үшін нақты жоспарымыз бар», - деді ол Үкіметтің отырысында.
Сондай-ақ премьер-министр үкімет мүшелері мен қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
Жаңа жылда еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын, - деді Әлихан Смайылов.