×

Жапония АҚШ-тан 1,6 млрд долларға қанатты ракеталар сатып алады

Қытай мен КХДР-дағы нысаналарға дөп тиетін басқа да зымырандарды алғысы келеді

 Дастан Жұмабекұлы 27.12.2022 | 09:45
фото: ашық дереккөз

Жапония билігі қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында АҚШ-тан 1,6 млрд долларға қанатты ракеталар сатып алатын болды. Бұл туралы Japan Today хабарлады.

Жапония Үкіметі алдағы жылы өзінің қорғанысқа арналған шығындары көлемін 20 пайызға ұлғайтуға шешім қабылдады. Күншығыс елі АҚШ-та шығарылатын Tomahawk қанатты ракеталары мен алыс қашықтыққа, мысалы, Қытай мен КХДР-дағы нысаналарға дөп тиетін басқа да зымырандарды алғысы келеді.

Премьер-министр Фумио Кисида бекіткен қорғаныс бюджеті жаңа стратегияға сәйкес Үкіметтің жедел қарулану жөніндегі шешімталдығын танытады, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Жапония Құрама Штаттарға Tomahawk-терді ұшыру үшін керекті бағдарламалар мен басқа да қару-жарақтарға 800 млн доллар ақша төлейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама