Halyq Uni логотип
×

Сот Мейіржан Төребаевтың үй қамағына неліктен ауыстырылғанын түсіндірді

Оның жазасы отбасының жалғыз асыраушысы ретінде жеңілдетілді

 Халық үні 26.12.2022 | 22:40
Сот Мейіржан Төребаевтың үй қамағына неліктен ауыстырылғанын түсіндірді
коллаж: Halyq Uni

Сот Мейіржан Төребаевтың үй қамағына ауыстырылу себебін түсіндірді. 

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев шын мәнінде кәмелетке толмаған бес баланы тәрбиелеп отырған отбасының жалғыз асыраушысы, денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін қарт анасы бар», - делінген хабарламада.

Мұндай мән-жайлар, соттың пікірінше, Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу сияқты жеңіл жазаға өзгертуге негіз бола алады.

Бұған дейін судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама