×

Алматыда мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

Олар адамдар намаз оқып жатқанда ұялы телефон ұрлаған

 Дәурен Ерболат 26.12.2022 | 17:38
Фото: Polisia.kz

Алматыда мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Бостандық ауданында полицейлер мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.

Аудандық полиция басқармасының басшысы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29-34 жастағы күдіктілер ұсталған. Олар еш жерде жұмыс істемеген.

К. атты күдіктінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оның «әріптесі», Е. атты азамат 2 рет ұрлық жасаған. Олар қаладағы ірі  мешітте бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барған, - деді полиция басшысы.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар мешітте намаз оқыған кезде телефондарын аяғының астына қойған. Мұны ұрылар сәтті пайдаланған.

Жәбірленушілер тек намаздан кейін ұялы телефондарының жоғалғанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкініп отыр, - деді Мақсат Қанапяев.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 88-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің басқа қылмыстырға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама