Ассоциация 2019 жылдың 8 қаңтарында құрылды
Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінің Олимпиадалық даярлау орталығында Мәдениет және спорт вице-министрі, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының (бұдан әрі – Ассоциация) вице – президенті С.М. Жарасбаевтың, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының (бұдан әрі – Sport Qory) бас директоры А.Р. Сейсембектің және Ассоциацияның президенті С.А. Құранбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Өз сөзінде Ассоциацияның вице-президенті С. А. Құранбек өткен жылдың қорытындысын шығарып, «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory гранттық қолдауымен «Спорттық жекпе-жек өнерін дамыту және насихаттау үшін жағдай жасау» жобасын іске асыру нәтижелері туралы, әлеуметтік дивидендтер жүйесі және қауымдастық пен оның мүшелері қызметінің басқа аспектілері жайлы жұртшылықты хабардар етті.
2022 жылғы 8 маусымда Sport Qory мен Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы қайырымдылық көмек шартына қол қойды. 75 миллион теңгеден астам қаражат «Спорттық жекпе-жек өнерін дамыту және насихаттау үшін жағдай жасау» жобасын іске асыруға бағытталды.
Жалпы 15 спорт федерациясына 174 спорттық мүкәммалды, 195 спорт жабдықтары жиынтығын, жарыс өткізуге арналған 69 жабдықты алды. Денсаулықты сақтау үшін дене шынықтыру жаттығулары кешені бар 3 бейнеролик түсірілді және қолжетімді орналастырылды. Екі федерацияның жаттықтырушылар құрамы әлемдік деңгейдегі беделді шеберлердің қатысуымен өтетін халықаралық курстарда, тренингтер мен семинарларда біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Кикбоксингтен Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасының 15 мүшесі биыл күзде Италияда өткен әлем чемпионатына дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысты.
Барлығы 3,5 миллион спортшы қауымдастық жүзеге асырған жобаның әсерін сезінді.
Әлеуметтік дивидендтер жүйесі кеңінен қолданылды. Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында федерациялар грант алушылар тарапынан 2 мыңнан астам спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 13 мыңнан астам бала ашық есік күндеріне, спорт түрлерінен, бейімделген таеквондодан, қыздарға арналған өзін-өзі қорғау бойынша мастер-класстар және басқа да іс-шараларға тегін қатыса алды.
Kaz Minerals тобының сенімділігі мен көпжылдық қолдауы Ассоциация аппаратына жұмысын үнемі жақсартып қана қоймай, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы бейімделу спорты, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі әлеуметтік жобалардың тұжырымдамаларын әзірлеуге мүмкіндік берді. Әрі қарай Ассоциация тұжырымдамалар іске асу үшін оны спорт федерациялары мен мүшелеріне беруді жоспарлап отыр.
Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы 2019 жылдың 8 қаңтарында құрылды. Ұйымға олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 27 федерация (толық контактілі каратэ, джиу джитсу, грэпплинг, самбо, панкратион, ушу, кунг-фу, пенчак силат, муайтай, кикбоксинг, таеквондо, қоян қолтық күрес, белбеу күресі, унибой, киберспорт, ММА) кіреді.
Әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады.
Басты мақсат – бұқаралық спортты дамытып, жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеру.